Сипаттамасы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 22 қарашадағы № 1371 қаулысымен бекітілген әкімшілік ғимараттарда мемлекеттік органдардың атауы жазылған маңдайшаларды дайындау және орналастыру қағидаларына сәйкес маңдайшаларға мынадай талаптар қойылады:
- Маңдайша өлшемі кемінде 60×80 сантиметр болуы тиіс. Қажет болған жағдайда маңдайша өлшемдерінің ұлғайтуға болады, бұл ретте ¾ арақатынасы сақталуы тиіс;
- Маңдайша көлденең де, тігінен де орналасуы мүмкін;
- Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Елтаңбасының астында маңдайшаның төменгі бөлігінде мемлекеттік органның атауы орналасады. Маңдайша мәтінінің әріптерінің биіктігі кемінде 3 сантиметр болуы тиіс. Кенептің фоны көк, ал әріптері алтын түсті болуы керек;
- Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы маңдайшаның жоғарғы үштен бір бөлігінің ортасында орналастырылады; Мемлекеттік органның атауы мемлекеттік және орыс тілдерінде, ал қажет болған жағдайда басқа тілдерде жазылуы тиіс;
- Мемлекеттік органның атауы жазылған маңдайшалар мемлекеттік және орыс тілдерінде және басқа да тілдерде дайындалған және орналастырылған жағдайда олар бір-бірінен бөлек орналасқан әртүрлі маңдайшалар түрінде орындалады.
Сипаттамалары
Сипаттамасы | Мемлекеттік мекемелерге арналған сыртқы маңдайша (көлденең) |
Комплектация | Көлемді ҚР Мемлекеттік Елтаңбасы |
Өлшемі (см) | 75 x 100 |