Қазақстан Республикасы Әділет органдарының қылмыстық-атқару жүйесінің рәмізі (бұдан әрі - рәміз) ұлттық геральдикалық символдарының типологиялық элементтерінде құрылған және сегіз бұрышты жұлдыздың бейнесін білдіреді.
Рәміздің орталық бөлігінде сегіз бұрышты жұлдызда қылмыстық - атқару жүйесінің Қазақстан Республикасының Әділет органдарына тиесілігін білдіретін негізгі сәйкестендіру символы ретінде таразы орналасқан.
Сегіз бұрышты жұлдыз бекініс пен сенімділікті бейнелейтін жабық контур болып табылатын көлемді элемент ретінде бейнеленген және тазартуды, жандануды білдіретін шашыранды сәулелердің фонында орналасқан.
Сегіз қырлы жұлдыздың астында мемлекеттік тілде "ҚАЗАҚСТАН"деген жазуы бар лента орналасқан.
Бүкіл композиция сары-алтын түске боялған төрт үшкір найзалардың қиылысында орналасқан үлкен сегіз бұрышты жұлдызда орналасқан.
Символдың орталық композициясы қара-көк түсті сақинамен жиектелген, оның жоғарғы бөлігінде мемлекеттік тілде "ӘДІЛЕТ МИНИСТРЛІГІ", төменгі бөлігінде "ҚЫЛМЫСТЫҚ-АТҚАРУ ЖҮЙЕСІ"деген сары - алтын түсті жазу орналасқан.
Сақинамен жиектелген Композиция шеттері сары-алтын түсті шығыңқы ернеумен жиектелген көгілдір түсті сегіз бұрышты жұлдыз фонында орналасады. Сегізбұрыштың ішкі бұрыштары көк жиегі бар алтын түстес сегіз қырлы жұлдыздың ұштарымен толтырылған.
Символдың көк-көгілдір, қара-көк және алтын түстері PANTONE халықаралық түстер атласының 3125 С және 810 с нөмірлеріне сәйкес келеді.
Жабыны | полимерлі |
Өлшемі (мм) | Д 450 |