Қазақстан Республикасы прокуратура органдарының эмблемасы көк түсті дөңгелек қалқан орналасқан, оюланған сегіз бұрышты көк түсті жұлдыздың бейнесін білдіреді. Қалқан екі диагональмен қиылысқан қылыштарға ұшымен төмен қаратып салынған. Қалқанның ортасында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген. Қалқан ұлттық ою-өрнекпен көмкерілген. Қалқанның контуры бойынша екі жағынан сөздердің арасында орналасқан 3 нүктесі бар алтын түстес "Қазақстан прокуратурасы" деген жазу орналасқан.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Елтаңбасының бейнелері, қылыштар, ұлттық ою - өрнек элементі, нүктелер, жұлдыздың бұрыштары-алтын түсті.
Қазақстан Республикасы прокуратура органдарының эмблемасы бір түсті бейнеде орындалуы мүмкін.
Қазақстан Республикасы прокуратура органдары эмблемасының бейнесі қоса беріліп отыр.
Жабыны | полимерлі |
Өлшемі (мм) | Д 450 |