Сипаттамасы
Көк және алтын түсті көлемді қабырға стендінің күрделі дизайны үш бөліктен тұрады. Қаңқа мен бекіту қалыңдығы 8 мм ПВХ-дан жасалды. Қолданылатын пленка түстері : көк және алтын. Бүйірлік панельдердің астында және елтаңбаның астында жарықдиодты жарықтандыру бар. Әр компонент көлемді нұсқада ұсынылған.
- Орталық бөлігінде көлемді Елтаңба (диаметрі 500 мм) орналасқан, оның астында жарық диодты жолақ бар, ол Елтаңбаның ішінен бүкіл шеңбер бойымен жарқырауын қамтамасыз етеді.
- Сол жақ бөлігінде атластан жасалған Қазақстан туының көлемді макеті орналастырылады.
- Оң жағында Әнұран мәтіні орналасқан;
- Әр бөліктің жоғарғы жағында атауы алтын түсті роумарк әріптерімен жазылған;
- Стендтің көлемді орталық бөлігінің сол және оң жағында Жарықдиодты жолақ орналасқан, ол бүйірлік панельдерді сәулелендіреді;
- Стендтің артқы жағында ілмектерге бекіту орналасқан.
Сипаттамалары
Өлшемі (м) | 2 х 1,2 х 0,2 |
Сипаттамасы | қабырғалық |