Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрінің міндетін атқарушының 2012 жылғы 28 желтоқсандағы № 495 бұйрығымен бекітілген әскери және қосарланған мақсаттағы тауарларға (өнімге), жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерге әскери стандарттарды қоспағанда, ұлттық стандарттарды, техникалық-экономикалық ақпарат жіктеуіштерін әзірлеу, келісу, есепке алу, бекіту, сараптау, өзгерту, күшін жою және қолданысқа енгізу Қағидаларының 31-тармағына сәйкес, "құқықтық актілерді бекітудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 28 шілдедегі № 818 бұйрығының 1-тармағының 5) тармақшасында және Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің Техникалық реттеу және метрология ғылыми-техникалық комиссиясының 2018 жылғы 12 қыркүйектегі № 13 хаттамасы негізінде
БҰЙЫРАМЫН:
- 2018 жылғы 1 қарашадан бастап ҚР СТ 989-2014 "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы. Техникалық шарттар" бекітілсін және күшке енгізілсін.
- Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Төраға А. Шаккалиев