Әлемдік Геральдикада мемлекеттің ресми айырым рәміздерінің үштұғырлығы бар:
Мемлекеттік Ту, Елтаңба және Әнұран. Мемлекеттік атрибутқа белгілі бір мән беретін базалық ережелер көп ғасырлық практикалық қолдану кезінде өздігінен дамыған негіз болып табылады.
Осылайша, жалау теориясының халықаралық әдет-ғұрыптары бойынша тудың мағынасы үш негізгі компоненттен тұрады: түстер, тудың барлық элементтерін қамтитын суреттер мен мәтіндер - мата, сап, сүйір төбе, ленталар және басқа да ту керек-жарақтары.
Матаға бекітілетін сап ағаштан, пластиктен немесе металдан жасалған. Сүйір төбе - бұл төлкенің көмегімен оған бекітілген саптың безендірілуі.
Сүйір төбе - дәстүрлі ту тәжірибесі болып табылады және жалаулар үшін оның пайдалануы қажет емес (жалауды үй-жайға орнатуды қоспағанда).
Сондай-ақ, жалаушаларда сүйір төбелерді қолдану мүлдем қолайсыз, өйткені бұл жалаудың төмен түсуінің көрнекі әсерін жасайды аза тұту күндеріндегідей орналасқан секілді болады.
Сондықтан, сүйір төбені қолдану бір-бірін толықтыруда және дамытуда ресми ережелер мен тарихи дәстүрлерді дұрыс біріктіретіндей оны пайдалану жөніндегі Нұсқаулық болған кезде үйлесімді, тиімді болады.